Қазақстан Республикасының Құтқарушылар күні қарсаңында өткен салтанатты
іс-шарада Маңғыстау облысы бойынша ТЖД "CASPI BITUM "БК" ЖШС-нің
өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жемісті ынтымақтастығы мен сіңірген
еңбегі үшін алғыс хатымен атап өтті. Зауыт басшылығы мен ұжымы атынан
бас директордың бизнесті қолдау жөніндегі орынбасары Атымтай Балтабаев
Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен
құттықтап, марапатқа ие болды.